Ингушетияда президент сайлауы 8 қыркүйекте өтеді

Ингушетия президенті Юнус-Бек Евлоев.

Ресейдің Ингушетия республикасының парламенті республика президентін сайлауды 8 қыркүйекке белгіледі.

Ингушетияда президентті бірінші рет парламент депутаттары сайлайды. Ресей президенті Владимир Путин сәуірде президентті сайлау жүйесін өзгерту туралы заңға қол қойып, Ингушетия мен Солтүстік Кавказдың Дағыстан сияқты республикаларында биыл президентті жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайлау жүйесі жойылған.

Осы айдың басында Путин Ингушетия президенттігіне кандидат ретінде үш адамды ұсынған. Олар - Ингушетияның қазіргі президенті Юнус-Бек Евкуров, биліктегі "Единая Россия" партиясының аймақтағы басшысы Урусхан Евлоев және Ингушетия парламентінің вице-спикері Магомед Тартиев.