Көкпардан Азия чемпионаты

Көкпардан Азия чемпионатында Ресей командасымен кездесуде қазақстандық көкпаршы серкені мәреге жеткізді. Астана, 12 қыркүйек 2013 жыл.

Азия біріншілігіне Қазақстаннан қатысқан көкпаршылар. Астана. 12 қыркүйек 2013 жыл.

Көкпардан Азия чемпионатына қатысқан Қазақстанның көкпаршылар командасы жарыс алдында.

Көкпар ойыны басталарда басы кесілген серкеш тушасы ортаға тасталады.

Тушаны өзгелердің қолынан жұлып әкеткен Ресей командасының мүшесі көкпарды мәреге жеткізу үшін оза шауып келеді.

Ресей командасы (ақ киімде) Монғолия көкпаршылармен күш сынасып жатыр.

Ойынға дайындалып тұрған тәжікстандық көкпаршы.

Қазақстандық көкпаршы ортадағы тушаны ат үстінен іліп әкетті.

Тәжікстан өкілі (сары киімде) қазақстандық бәсекелесінен (көк киімде) көкпарды тартып алуға әрекет жасап жатыр. 11 қыркүйек 2013 жыл.

Көкпардан Азия чемпионатының ашылуында тұрған Түркия командасы.

Жарыстың ашылу салтанатында майталман шабандоздар ат үстінде өнер көрсетті.

Көкпардан Азия чемпионатының ашылу салтанатынан көрініс. Астана,  11 қыркүйек 2013 жыл.