Қазақстан Ресейге Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышын қайта ұшыра бастауға рұқсат етуі мүмкін деп мәлімдеді "Қазғарыш" ұлттық агенттігінің төрағасы орынбасары Еркін Шаймағамбетов.
Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, ол "Протон-М" зымыран тасығышының биыл шілдеде апатқа ұшырауынан кейінгі зардаптарды жоюды бақылайтын комиссия отырысында "30 қыркүйектен бастап "Протонды" қайта ұшыра бастауға келісім жасалуы мүмкін екенін" айтқан.
2 шілдеде ресейлік үш "Глонасс-М" аппаратын тиеген "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат кезінде ғарыш айлағы маңы зымыран тасығыштың бірнеше жүз тонна улы отыны – гептилмен ластанған.
Ресейлік «Известия» басылымы 24 қыркүйекте "Ресей Қазақстандағы ресми орындарының жауабын күтпей, қыркүйектің 30-ы күні Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыра беретіні" туралы жазған еді. "Известияның" хабарлауынша, "Роскосмос" Ресей сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан үкіметіне ескерту жіберген.