Египетте қақтығыстардан ондаған адам өлді

Your browser doesn’t support HTML5

ВИДЕО: Египеттегі қақтығыстар. 6 қазан 2013 жыл.

Египетте 6 қазан, жексенбіде бұрынғы президент Мұхаммед Мурсиді қолдаушылар мен қауіпсіздік күштері арасында болған қақтығыстардан 51 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған.

Каирде қауіпсіздік күштері Мурсиді жақтаушылардың Тахрир алаңына баруына бөгет қойған кезде 40 адам қаза тапқан. Мурсиді жақтаушылар бармақ болған алаңға 1973 жылғы араб-израиль соғысына 40 жыл толғанын атап өту үшін үкімет жақтастары жиналған болатын.

Кейбір хабарларға қарағанда, Каирдің оңтүстігіндегі провинцияларда тағы 4 адам қаза тапқан.

Египет сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, елдің түрлі аймағында Мурсиді жақтайтын 423 адам тұтқындалған.

Әскерилер Мұхаммед Мурсиді биліктен кетірген 3 шілдеден бері Египетте наразылық шерулері кезінде қақтығыстардар жүздеген адам қаза тапты.