Тоқаев сенат төрағасы болды

Қасым-Жомарт Тоқаев. Астана, 29 қараша 2012 жыл.

Қазақстандағы мемлекеттік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 16 қазан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан парламенті сенатының төрағасы болып сайланды.

Тоқаев бұған дейін БҰҰ-ның Женевадағы өкілдігі басшысы болған. Ол сыртқы істер министрі, премьер-министр, Қазақстан парламенті сенатының төрағасы қызметтерін атқарған.