Сирияда барлау қызметі генералы қаза тапты

Үкімет әскерімен соғысып жүрген көтерілісшілер. Сирия, Алеппо провинциясы. Тамыз, 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Сирияның шығысындағы Дейр-эл-Зор провинциясында көтерілісшілермен қақтығыста ұлттық әскери барлау қызметінің генералы Джамаа Джамаа қаза тапты. Бұл туралы 17 қазанда Сирия мемлекеттік телеарнасы хабарлады. Бірақ генералдың қашан қаза тапқаны айтылмады.

Джамаа Дейр-эл-Зор провинциясындағы барлау басқармасын басқаратын. Телеарна оны "мемлекет алдындағы міндетін атқарып жүріп қаза тапты" деді.

Бұл провинцияның түрлі аудандарында президент Башар Асад билігіне қарсы қарулы көтерілісшілермен қақтығыс жүріп жатыр.