Іле Алатауы паркінде өрттен бір адам қаза тапты

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кіре берісі. (Көрнекі сурет)

Алматы маңындағы Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Өртті өшіру кезінде мемлекеттік инспектордың басына тас құлап жараланып, кейін ол ауруханада қайтыс болған.

Өрт 18 қазан күні кешке жақын табиғи парктің Алма-Арасан шатқалында басталып, 20 қазан күні кешке сөндірілген. Аумағы бір гектар орманды алқап пен бес гектар қураған ағаш жанып кеткен. Өртті сөндіруге 100-ден астам адам мен 4 техника жұмылдырылған.