Қазақстанда бензин қымбаттады

Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірі. Көрнекі сурет.

Қазақстандағы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің хабарлауынша, бүгін елде АИ-92 маркалы бензиннің бір литрінің бағасы 110 теңгеден 115 теңгеге қымбаттады.

Агенттік 15 қазандағы дерек бойынша әлемде Брент маркалы мұнай бағасының бір баррелі 109,65 АҚШ доллары болғанына, Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында теміржол тасымалының тарифтері биылғы қаңтар айынан бастап орташа 44 пайызға қымбаттағанына орай бензин бағасы өскенін айтады.

Бензин бағасының қымбаттауына мұнай және газ министрлігі, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі келісім берген.