Ақмола облысында кеніште тау жыныстарының астында қалып қойған кеншінің денесі табылды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Шортанды ауданы аумағындағы "Жолымбет" кенішінде 19 қазан күні тау жынысы опырылып құлап, екі кенші үйінді астында қалған. Бір кенші табылып, қазір ауруханаға жатқызылған. 55 жастағы екінші кеншінің денесін құтқарушылар 25 қазан күні түнде тауып, жер бетіне шығарған.
Төтенше оқиғаға байланысты "тау немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" туралы қылмыстық іс қозғалған.