Ходорковский: Кешегі магнат - бүгінгі тұтқын
Ходорковский "алаяқтық жасады және салық төлеуден жалтарды" деген айып бойынша тұтқындаларынан бір ай бұрын ЮКОС штаб-пәтерінде отыр. Мәскеу, 2003 жылдың маусымы.
Ходорковскийді сотқа апара жатыр. Мәскеу, 23 желтоқсан 2003 жыл.
Ходорковскийдің жақтастары Мәскеу сотының жанында қарсылық танытып тұр. Ресейліктердің біразы оны "президент Путинге қарсы шыққаны үшін сотталған саяси тұтқын" деп біледі. Amnesty International оны "ар-ұждан тұтқыны" деп атады. 15 қаңтар 2004 жыл.
Ходорковский Чита облыстық соты тыңдауында тұр. Ол түрмеде жатқан кезде ЮКОС таратылып, негізінен мемлекет қарауына өтіп кетті. Чита, 2008 жылдың қазаны.
Ходорковский мен Лебедев сотта тұр. Мәскеу, 11 қаңтар 2010 жыл.
Ходорковскийдің адвокаты Елена Лукьянова (сол жақта) мен қызы Анастасия Ходорковская «Знамя» журналының оған берілген сыйлығын алуға келіп тұр. 2010 жылдың қаңтары.
Солдан оңға: Ходорковскийдің жұбайы Инна, қызы Анастасия және анасы Марина Ходорковская туыстарына қосымша түрме жазасын тағайындаған соттан шығып келеді. Мәскеу, 30 желтоқсан 2010 жыл.
Ходорковскийдің кітабының таныстырылу рәсімі. Мәскеу, 2011 жылдың қаңтары.