Мәскеуде Норд-Ост құрбандарын еске алды

Дубровкадағы театр орталығында 2002 жылы 26 қазанда арнайы операция кезінде қаза болғандардың суреттері. Мәскеу, 26 қазан 2012 жыл.

Бүгін Ресей астанасында осыдан он бір жыл бұрын Дубровкадағы театр орталығында болған арнайы операция кезінде қаза болғандарды еске алу шаралары өтіп жатыр. Оған оқиға куәгерлері, қаза тапқандардың туыстары мен достары, бірқатар саяси партиялардың өкілдері қатысты.

Театр орталығының алдындағы шара барысында құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, әуеге 130 ақ шар ұшырылды.

2002 жылы 23 қазан күні Мәскеудегі Дубровка театр орталығында «Норд-Ост» мюзикілінің қойылымы кезінде 900-ден аса адамды қырық шақты кісіден тұратын қарулы топ кепілдікке алып, үш күн бойы қамауда ұстаған еді.

26 қазанда Ресей күштері кепілдегі адамдарды босату үшін ғимаратқа шабуылдап, құрамы белгісіз газды қолданды. Салдарынан кепілдікте болған 130 адам (арасында 10 бала бар) қаза болды. Сонымен бірге оларды кепілдікте ұстағандар да шабуыл барысында өлді.