Грузиядағы президент сайлауы

Your browser doesn’t support HTML5

Грузия орталық сайлау комиссиясы 27 қазанда өткен президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады. Парламентте басым дауысқа ие «Грузия арманы» коалициясының кандидаты Георгий Маргвелашвилиге сайлаушылардың 63,82 пайызы қолдау білдірген. Президенттік өкілеті аяқталған Михаил Саакашвилидің «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясынан сайлауға түскен Давид Бакрадзе 21,28 пайыз дауыс жинаған. 2003 жылғы «Раушан гүлдер революциясы» көсемдерінің бірі, бұрынғы парламент спикері Нино Бурджанадзені қолдаушылар үлесі 9,51 пайызды құраған. Ресми мәлімет бойынша, президент сайлауына ел азаматтарының 46,6 пайызы қатысқан. Грузияның қазіргі премьер-министрі Бидзина Иванишвили өз серіктесін сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұған дейін Иванишвили 17 қарашада өтетін жаңа президенттің инаугурациясынан соң өзінің отставкаға кететіні туралы --> http://www.azattyq.org/content/georgia_presidential_election_2013/25148653.html мәлімдеген еді.