Екібастұз қаласының екі тұрғыны "Сирияда террористік әрекеттерге қатысты" деген күдікке ілінді. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Екібастұз қалалық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews агенттігі хабарлады.
"Ұсталған Қазақстан азаматтары Сирия территориясында террорлық әрекеттерге араласты деген күдікке ілінген. Қазір бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Тергеуге байланысты басқа ақпарат жарияланбайды" дейді ҰҚК департаменті.
Кейбір деректер бойынша, ұсталғандар "Түркия-Сирия шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Сирия аумағындағы содырларды дайындау орталығында болған".
Бұған дейін YouTube-те 150 қазақстандықтың Сирияға жиһадқа барғаны туралы видео пайда болған еді. Арабша субтитрлер жазылған, қазақ және орыс тіліндегі шағын сұхбаттардан тұратын видеодағы адамдар өздерін «Сирияға жиһад жасау үшін хижра қылғандар (қоныс аударғандар - ред.)» деп сипаттайды.