Марсқа сапар

Your browser doesn’t support HTML5

АҚШ аэроғарыш агенттігі (NASA) Марс атмосферасын зерттеу үшін 18 қарашада ғарышқа арнайы кеме ұшырылатынын хабарлады. MAVEN деп аталатын миссия атауы «Марстағы атмосфера мен ұшатын заттардың эволюциясы» деген сөзді білдіреді. Миссияның басты мақсаты – бір кездері Жер атмосферасынан да тығыз болған Марс атмосферасының қомақты бөлігі қалай жоғалғанын анықтау. Мамандар атмосферасының өзгеруі қызыл планетаның климатына, оның бетіне қалай әсер еткенін және Марста тіршілік нышаны, ең болмағанда тірі микробтар бар-жоғын зерттемекші. MAVEN ғарыш кемесі Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен ұшырылады. Жоспар бойынша ол Марсқа 2014 жылы қыркүйекте жетуі тиіс.