Үкіметте жаңа тағайындаулар жасалды

Үкімет үйі. Астана, Қазақстан.

Қазақстан президентінің жарлығымен қаржы министрі – премьер-министрдің орынбасары қызметіне бұған дейін президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып істеген Бақыт Сұлтанов тағайындалды.

Осы уақытқа дейін қаржы министрі болған Болат Жәмішев аймақтық даму министрі болып тағайындалды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев аймақты даму министрі қызметін қоса атқару міндетінен босатылды.