Бейсенбіде АҚШ президенті Барак Обама ел азаматтарының қазіргі медициналық сақтандыру полисінің жарамсыз болып қалуына байланысты америкалықтардан кешірім сұрады.
Үш жыл бұрын Обаманың ұсынысымен медициналық сақтандыру туралы заң қабылданып, АҚШ тұрғындарының бес пайызға жуығы медициналық сақтандыру полисін сатып алған еді.
Обама "медициналық сақтандыру жүйесін реформалау кезінде бұған дейін сақтандыру полисін алған адамдарға ешқандай зиян келмейді" деп уәде еткен. Алайда сақтандыру полисі бар 15 миллиондай адам қайтадан жаңа сақтандыру келісім-шартын жасасуы керек. Енді бұл азаматтар бұрынғыдан әлдеқайда көп ақша төлеуі тиіс болады.
Барак Обама NBC телеарнасына берген сұхбатында "Мен уәдемді орындай алмадым. Маған сенген адамдардан кешірім сұраймын" деді.
АҚШ президентінің айтуынша, "заң жобасын әзірлеген сарапшылар заң күшіне енген кезде болатын өзгерістерді халыққа толық хабарламаған". Бірақ ол "Ақ үй Конгресс қолдауына ие болу үшін жалған уәде берді" деген айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.
Заңда сақтандыру шартына жаңа қызмет түрлерін қосылған. Бұл сақтандыру құнының өсуіне әсер еткен.
Заң шығарушылар мен Ақ үй сақтандыру компанияларын бағаны өсірмей тұра тұруға шақырды. Ақ үйдің уәжі бойынша, сақтандыру нарығы дами келе, баға да арзандайды.