Қырғыз азаматтарының Қазақстанға кіру тәртібі өзгерді

Қазақ-қырғыз шекарасы. Қордай кедені. Жамбыл облысы, 16 маусым 2013 жыл. Көрнекі сурет

Қырғызстан азаматтарының Қазақстан шекарасынан өту ережелері өзгерді.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, 11 қарашадан бастап 16 жасқа толған қырғызстандықтар Қазақстанға өтуі үшін шекарашыларға туу туралы куәлігінен өзге Қырғызстан азаматы екенін растайтын құжатын да көрсетуі тиіс. Қырғызстан шекара қызметінің өкілдерінің айтуынша, 16 жасқа толғандар Қырғызстан азаматы екенін растайтын құжатты мемлекеттік тиісті орындардан алады.

Қазақстанға кіру тәртібі 2012 жылдың мамыр айында қабылданған қазақ-қырғыз үкіметаралық келісімі негізінде өзгерген.