Ливиядағы шеру кезінде 32 адам оққа ұшты

Шеру кезінде оқ тиіп жараланған адамды көтеріп келе жатқандар. Триполи, Ливия, 15 қараша 2013 жыл.

Жұма күні Ливияда шеруге шыққан адамдарға оқ атылып, салдарынан кемінде 32 адам өліп, ондаған адам жараланған.

Оқиға бірнеше жүз адам ел астанасы Триполиде бір қарулы топтың қаладан кетуін талап етіп олардың штабының қасына барғанда болған. Хабарларға қарағанда, қарулы жасақтың адамдары әуелі қарудан бірнеше рет әуеге атып, сосын талап айтып келгендерге оқ жаудырған.

Ливия премьер-министрі Әли Зейдан қарулы топтардың бәріне Триполиден кету туралы талап қойды.

Елдегі ондаған қарулы топтың өзара қырқысын тоқтатуға Ливия үкіметінің шамасы келмей отыр. Екі жыл бұрын Ливияда Муаммар Каддафиді биліктен құлатуға бірге күрескен бұл жартылай әскери топтар содан бері жаңа биліктің қаруды тапсыру туралы талабына мойынсұнбай келеді.