АҚШ-та Джон Кеннедиді еске алды

АҚШ президенті Барак Обама бұрынғы президент Билл Клинтонға (оң жақта) "Бостандық" медалін тағып тұр. Вашингтон, 20 қараша 2013 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама кеше президент Джон Кеннедидің қастандықпен қаза тапқанына 50 жыл толғанын еске алып, оның зиратына гүл шоқтарын қойды.

Кеннедидің зиратына Обама және оның әйелімен бірге бұрынғы президент Билил Клинтон да әйелі Хиллари Клинтонмен бірге гүл шоқтарын қойды. Еске алу шарасына Кеннедидің туыстары да жиналды.

Еске алу шарасынан бірер сағат бұрын Обама он алты америкалыққа АҚШ-тың ең жоғарғы азаматтық наградасы - "Бостандық" медалін тапсырған. Марапатталғандар арасында Билл Клинтон, тележүргізуші Опра Уинфри, америкалық алғашқы астронавт әйел Сэлли Райд бар. Сэлли Райдқа бұл награда қайтыс болғаннан кейін беріліп отыр.

Бұлардан өзге осы наградамен Washington Post басылымының Уотергейт жанжалы кезінде бас редакторы болған Бенджамин Брэдли де марапатталды. Оның тұсында жүргізілген журналистік зерттеу президент Ричард Никсонды отставкаға кетуге мәжбүр еткен еді.

1963 жылы 20 қарашада қастандықтан қаза тапқан АҚШ президенті Джон өлімі туралы жаңа деректері бар кітаптар шыққан.

"Бостандық" сыйлығын Джон Кеннеди тағайындаған.