Ригадағы қазалы оқиға
Your browser doesn’t support HTML5
Латвия астанасы Рига қаласында супермаркеттің шатыры құлап, салдарынан кемінде алты адам қаза тауып, 30-дан аса адам жарақат алған. Ондаған адам супермаркетте қамалып қалған. Төтенше оқиға кешкілік, жұмыстан қайтар жолда керек-жарағын алуға дүкенге кірген жұрт аяғы көбейген мезгілде болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2011 жылы салынған, аумағы 500 шаршы метрге жуық супермаркет шатырында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Шатырдың не себептен құлағаны әзірге белгісіз. 21 қараша 2013 жыл.