25 қарашада Сан-Францискода сөйлеген АҚШ президенті Барак Обама халықаралық қауымдастықтың Иранмен жасасқан келісімдеріне айтылған сындарға қатысты өз пікірін білдірді.
"Саяси тұрғыда қатаң пікірлер айтып, ашуға берілу оңай шығар. Бірақ ол қауіпсіздігімізге оң әсер ете қоймайды" деді Обама.
Ақ үй басшысы егер келісім орындалатын болса, Вашингтон мен Тегеранда "екі ел арасындағы сан жылдар бойғы бір-біріне деген сенімсіздікті жою мүмкіндігі пайда болатынын" айтты.
Бұған дейін АҚШ-тың одақтасы Израиль мен АҚШ Конгресіндегі республикалық партия өкілдері Обама әкімшілігін Иранмен келісім жасасқаны үшін сынға алған еді.
Өткен аптада Женевадағы келіссөздер нәтижесінде Иран мен "алтылық елдері" Иранның уранды бес пайызға байытуды алты айға тоқтатып, есесіне халықаралық санкцияларды жеңілдетуге келіскен.