Сауд Арабиясында 2004 жылы Жиддадағы АҚШ консулдығына шабуыл жасаған деген айыппен сотқа тартылған ер адам өлім жазасына кесілді.
SPA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сот одан өзге АҚШ консулдығына "шабуыл жасауды қолдаған" және "теракті жасауға сөз байласқан" деген айыппен 19 адамды бір жылдан 25 жылға дейінгі мерзімдерге түрмеге кескен. Сотталғандар "Әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар топ құрамына кірген деп айыпталып отыр.
2004 жылы Сауд Арабиясында АҚШ консулдығына жасалған терактіден бес адам қаза тапқан еді.
Саудияда 2003-2006 жылдар аралығында батыс мемлекеттері мен басқа да елдердің дипломатиялық миссияларына жасалған шабуылдардан соң Саудия билігі "Әл-Қаида" ұйымын қудалауға алып, мыңдаған адамды тұтқындаған еді.