Мәскеу Украинаның "Roshen" кондитерлік компаниясының тәттілерін импорттауға салынған тыйымды біртіндеп жоя бастайтынын хабарлады.
Ресейлік "Роспотребнадзор" мекемесі Украинаның қадағалау қызметі қазір Roshen-ның әрбір өнімін тексеріп жатқандықтан импорттауға біртіндеп қайта рұқсат етілетінін мәлімдеді.
"Роспотребнадзор" бұған қоса Ресей мен Украинаның санитарлық қызмет өкілдері тұтынушылардың қауіпсіздігі тұрғысында украин тауарларының сапасына қатысты келіссөздерді ары қарай да жалғастыра беруге келіскенін айтады.
Ресей бұған дейін Roshen-нің кейбір өнімдері, оның ішінде сүтті шоколадтарынан "адам ағзасына зиянды бензапирен табылғанын" айтып, компания өнімдерін Ресейге импорттауға тыйым салған еді. Украина өнімдерде зиянды заттар барын жоққа шығарған.
Украина Еуропа одағымен (ЕО) еркін сауда айналымы туралы келісімге қол қоятын болған соң Ресей Украинаға қатысты экономикалық қысымды күшейткен. Мәскеу Украинаның ЕО-мен байланыс орнатқанынан гөрі Кеден одағына кіргенін қалайды.
Украина билігі 28 қараша Вильнюсте басталатын ЕО саммитінде келісімге қол қоюдан өткен аптада бас тартқан. Киевтің бұл шешімі Украина қоғамында наразылық туғызды.