Италия сенаты "салық алаяқтығына қатысты айыпты" деп танылған экс-премьер Сильвио Берлускониді депутаттық мандатынан айырды. Өзін депутаттық мандатынан айыруға дауыс берілген 27 қарашаны Берлускони "демократия үшін қаралы күн болды" деп атады.
Италия сенатындағы дауыс беру нәтижесінде 77 жастағы Берлускониге алты жыл мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Бірақ ол "Италия, алға!" партиясының жетекшісі болып қала береді. Сарапшылар басы дауға қалған саясаткерді "елдің саяси өміріне бұрынғыдай ықпал ете береді" деп санайды.
Бұған дейін Берлускони өзіне қарасты Mediaset медиакомпаниясының "салықтан жалтару ісі" бойынша айыпты деп танылып, төрт жылға сотталған еді. Бірақ кейін үкім жұмсартылып, ол бір жыл үйқамақта отырып, мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынатын болып өзгерген.