Дамаскіде Ресей елшілігі атқыланды

Дамаскідегі Ресей елшілігі орналасқан аудан.

Сирия астанасы Дамаскідегі Ресей елшілігі кеше минометтен атқыланып, салдарынан бір сириялық қаза тапқан. Тағы жергілікті тоғыз тұрғын жараланған. Зардап шеккендер арасында ресейліктер жоқ деп хабарланды.

Ресей сыртқы істер министрлігі оқиғаны "терроризм" деп бағалап, кінәлілерді жазалауға шақырды. Елшілікке шабуылды АҚШ мемлекеттік департаменті де айыптады.

Ресей сыртқы істер миинстрлігінің хабарлауынша, елшілік аумағында бір мина жарылып, елшілік ғимараты елеулі зардап шеккен. Жараланғандар арасында елшілікті күзететін сириялықтар бар.

Биыл Сирия президенті Башар Асад режимін қолдайтын Ресей елшілігі осымен екінші рет шабуылға ұшырап отыр. Шабуылдарды Сирия билігін құлатқысы келетін көтерілісшілер жасауы мүмкін деген болжам бар.