Назарбаевтың ОАР-ға сапары кейінге қалды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Африка Республикасына (ОАР) жоспарлаған сапары кейінге ысырылды деп хабарлады президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.

Оның айтуынша, президент Назарбаевтың 3-4 желтоқсанға жоспарлаған сапары "жұмыс кестесіндегі өзгерістерге байланысты" біраз мерзімге кейінге шегерілген.

Президент Назарбаев биыл қараша айында ОАР-да Қазақстан елшілігін ашу туралы жарлық шығарған.

Қазан айының басында ОАР-да Йоханнесбург халықаралық әуежайынан Преторияға бара жатқан Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай бастаған бірнеше дипломат мінген көлікті қарулы адамдар тоқтатып, бағалы заттарын тартып әкеткен еді. Кейін ОАР-дың осы оқиғаға байланысты Қазақстаннан кешірім сұрағаны хабарланған.