Путин патриотизмді насихаттауды тағы айтты

Владимир Путиннің суреті басылған Ресей туы. (Көрнекі сурет)

Ресей президенті Владимир Путин елде "ұлттық бірегейлікті сақтап қалу үшін" патриотизм кең насихатталуы тиіс деп мәлімдеді.

Кеше Мәскеуде студенттермен кездескен Путин "патриотизм болмаса мемлекет өмір сүре алмай, өз ішінен дезинтеграцияға ұшырайды" деген. Путиннің сөзінше, "Ресей қоғамы басқа идеологияға еліктемей, өз батырларын үлгі тұтуы тиіс".

Былтыр Ресей президенті болып қайта сайланғалы бері Путин танымалдылығын арттыру үшін патриотизм мен дәстүрлі құндылықтарды жиі насихаттап жүр.

Өткен айда ол жастар арасында патриотизмді насихаттауға мүмкіндік ашу үшін парламентке ту мен әнұран сияқты мемлекеттік символдарды кең қолдануды қарастыратын заң жобасын ұсынған еді.