Украинада оппозициялық фракциялар бүгін де парламенттің жұмысын бөгеп тастады. Парламент спикері Владимир Рыбактың айтуынша, парламентте қандай да бір шешім қабылдау үшін кем дегенде 226 дауыс қажет. Бүгінгі отырысқа қатысуға тек 214 депутат қана тіркелген.
3 желтоқсанда парламент үкіметке сенімсіздік білдіру вотумын көпшілік дауыспен қабылдамай тастаған еді.
Биліктегі "Аймақтар партиясы" фракциясының жетекшісі Александр Ефремовтің айтуынша, бүгін оппозиция өкілдерімен кеңес қайта жалғасады. Кеше өткен кеңесулер нәтижесіз аяқталған еді.
Бүгін "Еуромайдан" деп аталатын наразылық акциясына қатысушылар Киевтегі үкімет үйі мен президент әкімшілігінің алдына қайта жиналып, үкіметтің отставкаға кетуін және елде мерзімінен бұрын президент және парламент сайлауларын өткізуді талап етіп жатыр.
Өткен түні ондаған көлік жүргізушілері милицияның "Беркут" арнайы жасағы базасының алдында пикет ұйымдастырған еді. "Беркут" жасағы 30 қарашада Киевтегі демонстранттарды күшпен таратқан соң, жаппай наразылық акциялары басталған еді. Бейбіт шеруді күшпен таратқандарды жазалауды және үкіметтің отставкаға кетуін талап еткендер күн сайын наразылық танытып жатыр.
Бүгін Киевте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдер сыртқы істер министрлерінің жиынында сөйлеген Украина премьері Николай Азаров "билікті ауыстыру мәселесі сайлау арқылы шешілуі тиіс" деп мәлімдеген.