Манделамен қоштасу
Your browser doesn’t support HTML5
Йоханнесбургте ОАР-дың бұрынғы президенті Нельсон Манделамен қоштасу шаралары өтетін стадионға мыңдаған адам жиналды. Азалы шараға қатысушылар арасында марқұмның бұрынғы әйелі Винни Мандела да бар. Жерлеу алдындағы шараға қатысу үшін елдің әр түкпірінен келген жүздеген адам Йоханнесбур вокзалында стадионға жеткізетін көлік күтіп тұр. Соуэто ауданындағы бұл стадион маңына жұрт өткен түннен бері жиналып жатыр. 2010 жылы дәл осы стадионда Мандела соңғы рет көпшілік алдына шыққан еді. Мандела 15 желтоқсанда жерленбек. Оған дейін елде Манделаны еске алу шаралары өтіп жатыр. 20 ғасырда Оңтүстік Африка республикасында апартеидке қарсы қозғалыстың жетекшісі болған, өмірінің 27 жылын түрмеде өткізген, ОАР-дің қара нәсілді тұңғыш президенті Нельсон Мандела 5 желтоқсанда 95 жасында дүниеден өтті. 10 желтоқсан 2013 жыл.