Ресейдің Орталық Азия мемлекеттеріндегі елшілері бүгін Ташкентте 2014 жылы Ауғанстаннан халықаралық коалиция әскері шығарылғаннан кейінгі аймақтағы жағдайды талқылауға жиналып жатыр.
Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жиынды сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин жүргізеді. Жиынға Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның өкілдері де қатыспақ. Бірақ министрлік жиынға нақты кімдер қатысатынын айтпады.
Өзбекстан сыртқы істер министрі қазір АҚШ-та жүр. Ресейлік "Коммерсант" басылымы бүгін Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Игорь Лякин-Фроловпен сұхбатты жариялаған. Елші сұхбатта Ауғанстаннан әскер шығарылатындықтан Тәжікстанда Ресей әскери базасының орналасуының "Орталық Азия үшін маңызы арта түсетінінін" айтқан.