ОАР-да Манделамен қоштасу жалғасып жатыр

Нельсон Манделаның денесін апара жатқан қаралы кортеж. Претория, ОАР, 11 желтоқсан 2013 жыл.

Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) әкімшілік орталығы Претория қаласында бүгін елдің бұрынғы президенті Нельсон Манделаны денесі қаралы кортежбен бас әскери госпитальден үкімет үйі кешеніне жеткізілді. Осы жерде үш күн бойы жұрт Манделамен қоштаса алады. Билік өкілдерінің хабарлауынша, жұма, 13 желтоқсанға дейін күнделікті Манделаның денесі Преториядағы ауруханадан министрлер кабинеті мен президенттің кеңсесі орналасқан кешенге әкелініп тұрады.

Кеше Йоханнесбургте он мыңдаған адам Суэто стадионында Манделаны жоқтау шарасына қатысқан еді. Шараға әлем елдерінің басшылары, оның ішінде АҚШ президенті Барак Обама, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон, АҚШ-тың бұрынғы президенттері қатысқан.

Мандела 15 желтоқсанда туған жері - Шығыс Кап провинциясындағы Куно елді мекенінде жерленеді.

20 ғасырда Оңтүстік Африка республикасында апартеидке қарсы қозғалыстың жетекшісі болған, өмірінің 27 жылын түрмеде өткізген, ОАР-дің қара нәсілді тұңғыш президенті Нельсон Манделаның қайтыс болғаны туралы 5 желтоқсанда ОАР президенті Джейкоб Зума жұртшылыққа хабарлаған еді.