АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері бойынша көмекшісі Виктория Нуланд бүгін Киевтің Тәуелсіздік алаңында болды. Нуланд Украинаға мұндағы саяси дағдарысты реттеу мәселесімен барған.
Ол көпшілігі алаңнан шығарылған демонстранттар мен полицейлерге тәттілер мен бутерброд таратты.
Бүгін милиция арнайы жасағы қала мэриясына бекінген демонстранттарды шығармақ болған еді. Бірақ ғимаратта олар демонстранттар қарсылығына тап болып, екі жақ арасында қақтығыс болған. Бұдан соң милиция жасағы мэрия аумағын тастап шыққан.
Украина ішкі істер министрі Виталий Захарченко бүгін наразылық танытушылардың күшпен таратылмайтынын, бірақ "өзге адамдардың да құқықтары мен заңды мүдделерін ескермеске болмайтынын" мәлімдеген.
11 желтоқсанға қараған түні арнайы жасақтың жүздеген сарбазы "Еуромайдан" акциясы өтіп жатқан Тәуелсіздік алаңының маңына орнатылған бөгеттерді бұзып, демонстранттарды алаңнан ығыстыра бастаған. Қазір алаңның біраз жері тазартылған.
Оппозиция жетекшілері демонстранттарды шегінбеуге шақырып, алаңда шерушілер қарасы дереу көбейе бастаған соң милиция жасағы алаңды қоршауды тоқтатты.
10 желтоқсанда Украина президенті Виктор Янукович Украина делегациясы Еуропа Одағымен (ЕО) жақын байланыс орнату мәселелерін талқылау үшін бүгін Брюссельге баратынын хабарлаған еді. Бірақ бүгін ЕО жетекшілері Украина делегациясымен ешқандай келіссөздер болмайтынын хабарлады.