Батыс Қазақстан облысындағы Орал қаласында журналист Лұқпан Ахмедияров «Президент пен памперсті тұрақты түрде ауыстырып тұру қажет» деген жазу жазылған плакат ұстап, қалалық әкімдік алдына шықты. Полиция бір адамдық наразылық шарасын ұйымдастырған журналист Лұқпан Ахмедияровты ішкі істер бөлімшесіне алып кетіп, аз уақыттан соң босатты.
- Түсте әкімдік алдына шықтым, қолым мұздап қалған соң қолғап алмақ болып плакатымды ұстаған күйі жақын маңдағы базарға барып едім, полиция қызметкері келіп, «мәселенің мән-жайын анықтаймыз» деп мені бөлімшеге алып келді, - деді Лұқпан Ахмедияров Азаттыққа.
Журналистің сөзінше, Орал қаласы ішкі істер басқармасының Абай бөлімшесінде өз әрекетіне қатысты түсініктеме жазған соң оны полиция жарты сағаттан кейін еркіне жіберген.