Өзбекстан парламентінің жоғарғы палатасы сотталғандарға рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады. Парламенттің заң және сот-құқықтық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Светлана Артыкова алда жоспарланып отырған рақымшылықты "Өзбекстанда жасалып жатқан реформалардың мысалы бола алады" дейді.
Заң жобасы бойынша, рақымшылыққа 18 жасқа толмаған сотталған қыздар мен 60 жастан асқан әйелдер, тыйым салынған ұйымдарға мүше болғаны үшін алғашқы рет сотталғандар, үлгілі тәртібімен көзге түскендер ілігеді. Ауыр қылмыс жасағандар мен өмір бойы түрме жазасына кесілгендерге рақымшылық жасалмайды.
Енді заң жобасына ел президенті Ислам Каримов қол қоюы тиіс.
Былтыр Өзбекстан конституциясының қабылданғанына 20 жыл толуына орай жасалған рақымшылықпен 69 мыңға жуық адам босатылған.