Кавказдағы үйлену тойы
Ауыл әйелдері ұзатылған қыздың жүгін әкеле жатыр. Жүкте тұрмысқа қажетті кілем, көрпе, ыдыс, әшекей сияқты бұйымдар бар.
Қалыңдық жүгі келін түсіп жатқан үйге жеткізілді.
Жас келіннің жүгін үй ішіне орналастырып қойып жатыр.
Үйлену тойы кезінде, салт-дәстүр бойынша, ұзатылған қыздың үйінен күйеу жігіттің отбасына жеткенше алауы бар шырақ алып жүреді.
Жас келінді киіндіру - үйлену тойындағы маңызды сәт.
Жас жұбайлар бір біріне адал болатыны туралы ант бергенге дейін қалыңдықтың жүзі жабық болады.
Қалыңдықтың беті ашылғанға дейін оның жанында жақын екі адамы бірге ілесіп жүреді.
Жас келінді қарсы алуға ауыл тұрғындары жиналды.
Қуанышқа келгендер жас келінді шат-шадыман көңіл-күйде қарсы алып тұр.
Келесі күні ауыл әйелдері жас келінді үйлену тойына алып барады.
Ауыл тұрғындары тойға арнап жеміс-жидек, өзгеде дәм әкеле жатыр.
Той салтанаты тау басында жалғасты.
Жас жұбайлардың туыстары ән салып, би билеп, қуанышқа бөленді.