Қазақстан мен Франция әскери құжатқа қол қойды

Қазақстан қарулы күштері сарбаздары. (Көрнекі сурет)

Қазақстан мен Франция қорғаныс министрліктері келесі жылға арналған әскери ынтымақтастық туралы жоспарға қол қойды.

Қазақстан қорғаныс министрлігінің бүгін хабарлауынша, құжатқа Астанада өткен кездесуде екі ел қорғаныс министрлігінің өкілдері қол қойған. Министрліктің халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы, полковник Әділ Бековтің айтуынша, екі жақ әскери саладағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.