Түркияда үкіметтегі коррупциялық істерге қатысты жүріп жатқан тергеулер аясында бүгін ішкі істер министрі Муаммер Гүлер мен экономика министрі Зафер Чаглаян отставкаға кетті.
Түркияда 17 желтоқсанда 24 адам мемлекеттік Halkbank банкіндегі іске қатысты қамалған еді. Олардың арасында отставкаға кеткен екі министрдің ұлдары да бар.
Қамаудан кейін Түркияда барлығы 70-ке тарта офицер, оның ішінде Стамбул полициясының ықпалды басшысы қызметінен босатылды.
Премьер-министр Режеп Тайып Ердоған коррупциялық тергеулерді "Түркияда тұрақсыздық орнату мақсатында шетелден ұйымдастырылған астыртын әрекет" деп атаған.
Зафер Чаглаян да бұл оқиғаны өз партиясы мен үкіметке қарсы "лас әрекет" деп атады.