Түркиядағы қақтығыс
Your browser doesn’t support HTML5
Полиция Ердоған үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен наразыларға көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашқан. Анкара мен Измир қаласында да шерулер өткен.
Түркиядағы «жемқорлық дағдарысы» 17 желтоқсан күні басталды. Түркия тергеу орындары «Үкіметтің бірнеше мүшесінің балалары қаржы алаяқтығын жасаған» деп мәлімдеді. Бұл іс бойынша 52 адам ұсталған.
Ердоған 25 желтоқсан күні үш министрді отставкаға жіберді. 11 жыл бұрын билікке келген ол Түркиядағы әскерилер ықпалын тежеп, ел экономикасының қарқынды дамуына жол ашты. Алайда оның авторитарлық саясатына қарсылық 2013 жылы шілде айында жаппай шеруге ұласты. Шерулерді үкімет күшпен басты. Келесі парламент сайлауы 2015 жылы өтеді. Сарапшылар саяси дағдарыс сайлауға дейін шиеленісе беретінін болжайды.