Ұлыбританияның шығысында АҚШ-тың HH-60G Pave Walk деп аталатын әскери тікұшағы апатқа ұшырап, төрт америкалық әскери қызметші қаза тапты. АҚШ әскери қолбасшылығына сілтеме жасаған Associated Press агенттігінің хабарлауынша, әуе апаты 7 қаңтарда Ұлыбританияның Норфолк графтығының жағалаудағы Клей-некст-зе-Си қаласында болған. Тікұшақ оқу-жаттығу тапсырмасын орындап жүргенде апатқа ұшыраған.
HH-60G Pave Hawk тікұшағы - танымал Black Hawk тікұшағының жаңартылған түрі.
Guardian басылымының жазуынша, әуеге АҚШ әскери әуе күштерінің 48-авиациялық полкі орналасқан Лэйкенхэттегі базадан ұшып шыққан.
Әзірге апаттың неден болғаны туралы ақпарат жоқ.