Тәжікстан мен Қырғызстаның шекара әскері мен полициясы арадағы даулы шекара аумағын бірлесе қорғайтын болды. Бұл туралы бүгін Тәжікстан үкіметінің өкілдері хабарлады.
Шекараны бірлесе бақылау келісімі 7 қаңтарда Тәжікстан мен Қырғызстан үкіметі өкілдерінің Душанбедегі кездесуінде жасалған.
Қырғызстан вице-премьері Токон Мамутов бастаған делегация Тәжікстан үкіметі өкілдерімен 7 қаңтарда Душанбеде келіссөздер бастаған еді. Келіссөздер жүргізуді 2013 жылдың желтоқсан айында Қырғызстан жағы шекарадағы шиеленісті жағдайды реттеу мақсатында ұсынған. Келіссөздер 9 қаңтарға дейін созылмақ.
Екі ел шекарасындағы жағдай өткен айда тәжік-қырғыз шекарасының даулы бөлігінде қырғызстандық азаматтың шайханасына шабуыл жасалып, өртенгенген кейін шиеленісіп кеткен еді. 2013 жылы Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында бірнеше жанжал болған.
1991 жылы Совет Одағы құлағаннан кейін Орталық Азия елдерінің шекараларында бірнеше даулы аймақ пайда болған.