Украина: "Беркут" наразы топқа күш қолданды

Басы жараланған Украинаның бұрынғы ішкі істер министрі, оппозициялық саясаткер Юрий Луценкоға қасындағы адамдар көмек көрсетіп жатыр. Киев, 11 қаңтар 2011 жыл. Сурет авторы - Андрей Ковалев.

Киевте милицияның "Беркут" арнайы жасағымен қақтығыстан соң бес адам ауруханаға түскен. Олардың бірі - Украинаның бұрынғы ішкі істер министрі, оппозициялық саясаткер Юрий Луценко басынан қатты жараланған деп хабарланды.

Оқиға сенбіге қараған түні Киев-Святошинск аудандық соты ғимаратының алдында болған. Жұма күні бұл сотта "Васильков террористерінің ісі" деп аталатын қылмыстық іс бойынша үкім шыққан болатын.

Куәгерлердің айтуынша, "Беркут" қызметкерлері сот алдына жиналған жұртқа қарсы күш қолданған соң наразы топ милиция жасағы отырған автобустың жолын бөгеген. Экс-министр Луцкенко қақтығысқа жол бермеу үшін наразы жұрт пен милиция жасағының арасына кіріп, екі жақты сабырға шақырып тұрған кезде басынан соққы алып, есінен танып қалды деп хабарлады Азаттықтың Украин қызметіне оның әйелі Ирина Луценко.

Украина милициясы тәртіпсіздіктерді бірінші болып наразы топ бастады деген уәж айтады.

Кеше Киев-Святошинск аудандық соты 2011 жылы Борисполь қаласында Ленин ескерткішін жаруды жоспарлаған деген айыппен тұтқындалған Васильков қаласының үш тұрғынының әрқайсысын алты жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған еді.