Парламент сенаты бүгін Қазақстан Республикасының халықаралық келісім мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Заң Қазақстанның халықаралық келісімдерді мемлекеттік тілде жасасуына мүмкіндік беруді қарастырады.
Халықаралық келісім-шарттар жасасу процесін жүйелеп, оған сыртқы істер министрлігі тарапынан бақылауды күшейту үшін халықаралық келісім-шарттар жасасуды жоспарлау жүйесін енгізу қарастырылып отыр. Бұл заң жобасы қабылданса Қазақстанның "Халықаралық қатынастар туралы" заңы мен "Тіл туралы" заңына да өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.
Құжат бойынша Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сай келмейтін немесе оған нұқсан келтіретін және Қазақстанның тәуелсіздігінің жойылуына әкеп соғатын халықаралық келісімдер жасасуға жол берілмейді.