Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили қайтыс болған экс-премьер Зураб Жванияның мәйіті оның өліміне қатысты тергеу мақсатында эксгумацияланатынын мәлімдеді.
Гарибашвилидің айтуынша, Жванияның мәйітіне жаңа сот-медициналық сараптама Швейцария немесе Израиль зертханаларында жасалады.
Зураб Жвания мен Квемо-Картли облысы губернаторының орынбасары Рауль Юсупов 2005 жылы қайтыс болған еді. Тергеушілер оларды газбен жылыту жүйесінен бөлінген улы иіс тиіп қайтыс болды деген қорытынды шығарған.
Бірақ Жванияның туысы Георгий Жвания өткен жылдың қазан айында жаңадан табылған айғақтар туысының өліміне Грузияның бұрынғы билігінің қатысы барын көрсетеді деп мәлімдеген.
Грузияның қазіргі басқарушы "Грузия арманы" партиясының өкілі, бұрынғы премьер-министр Бидзина Иванишвили көпшілік алдында бұрынғы президент Михаил Саакашвили бірнеше іс бойынша, оның ішінде Жванияның өліміне қатысты тергелуі мүмкін екенін айтқан.