АҚШ-тың екі сенаторы 2012 жылы қабылданған "Магнитский актісін" адам құқықтары бұзылатын өзге де елдерге қолданатын заң жобасын ұсынды.
Аризона штатынан сайланған республикашыл сенатор Джон Маккейн мен Мэриленд штатынан сайланған сенатор Бен Кардин сенаттың халықаралық қатынастар комитетіне ұсынған "Әлемдегі адам құқықтарының жағдайы туралы акт" жобасында адам құқықтарын бұзған шетелдіктерге санкция салуды ұсынады. Жобада адам құқықтарын бұзған шетелдіктердің АҚШ-қа кіруіне және америкалық қаржы институттарын пайдалануына тыйым салу қарастырылған.
Заң жобасы қабылдану үшін бірнеше сатыдан өту керек.
2012 жылдың соңында қабылданған "Магнитский актісі" 2009 жылы ресейлік заңгер Сергей Магнитскийдің өліміне қатысы бар делінген Ресей шенеуніктеріне виза және қаржылық шектеулер салады.
Мәскеу "Магнитский актісінің" қабылдануын өзінің ішкі ісіне заңсыз араласу деп санайды.