Янукович шерушілерді қуғындайтын заңға қол қойды

Украина президенті Виктор Янукович.

Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштон жаңа заңның "Украина азаматтарының негізгі құқықтарын шектейтінін" мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік департаменті "Украинаның демократияға ұмтылатынына күмән туғанын" мәлімдеді.

Украина оппозициясының жетекшісі Виталий Кличко "диктатураның бас көтергені" туралы айтты.

Украина парламентінің депутаты Анатолий Гриценко Facebook арқылы өзінің отставкаға кететінін хабарлады. Ол Украинаны Солтүстік Кореямен салыстырды.

Түрмеге қамалған Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко оппозицияны жаңа заңның іске асуына жол бермеуге шақырған.

Қаңтардың 16-сы күні Украина парламенті демонстрацияларға шектеу қойып, оппозицияшыл депутаттарды жазалайтын, сөз бостандығына тосқауыл қоятын заң жобасын мақұлдаған еді.