Астананың Алматы аудандық 2-сотында пресвитериандық "Благодать" шіркеуінің пасторы, "экстермизм" және "адам денсаулығына залал келтіру" бабымен айыпталған Бақытжан Қашқымбаевтың ісі бойынша сот процесі басталды.
Пасторға тағылған "адам денсаулығына залал келтірді" деген айып бойынша істе жәбір көруші - "Благодать" шіркеуіне келушілердің бірі Ләззат Әлменова деп танылған. Бірақ сотта оның атынан әпкесі Гүлдана Әлменова сөйлейді.
67 жастағы Қашқымбаевты сот залына қолына кісен кигізіп әкелді. Қашқымбаев пен адвокаты Нұрлан Бейсекеев судья мен сот құрамына түгелдей наразылық білдірді. Пастордың айтуынша, осы сот бұған дейін оның барлық шағымдары мен өтініштерін қанағаттандырмай тастаған.
Адвокаттың сөзіне қарағанда, сотқа төрағалық етіп жатқан судья Гүлжахан Әбішева өткен жылы жәбір көруші Ләззат Әлменованы психиатриялық ауруханаға жатқызуға шешім шығарған.
Бақытжан Қашқымбаев 2013 жылдың мамырынан бері қамауда отыр. Алғашында оған шіркеуге келушілердің бірінің денсаулығына "гипноз арқылы залал келтірді" деген айып тағылған еді. Кейін оған экстремизмге қатысты екінші айып тағылды.
Қазақстан билігі құрамына астаналық «Благодать» шіркеуі кіретін «Грейс» миссиясын «алаяқтық әрекеттермен айналысты, экстремистік мәтіндерді таратты, құлшылық ету кезінде галлюциногендік сусындар қолданды» деп айыптаған. Бірақ шіркеу басшылары бұл айыптарды мойындамайтынын бірнеше мәрте мәлімдеген. Осы айыптауларға байланысты қамауға алынған Бақытжан Қашқымбаев еркінен тыс психиатриялық тексеруден де өткен.
«Бақытжан Қашқымбаевқа негізсіз айыптар тағылған» деп санайтын халықаралық құқық қорғау ұйымдары былтыр жазда Қазақстан билігін пасторды қудалауды тоқтатуға және оған тағылған айыптарды алып тастауға шақырған.