АҚШ-тың Вашингтон қаласында 22 қаңтарда аборт жасатуға қарсы шеру өтті. Қатты аязға қарамастан шеруге мыңдаған адам қатысты.
Шеру АҚШ жоғарғы сотының "әйелдердің аборт жасатуына конституциялық құқығы бар" деген шешім шығарғанына 41 жыл толуына орай өткізіліп отыр.
Қолдарына ұрандар жазылған плакаттар ұстап шыққан шерушілер қала көшелерімен жүріп, жоғарғы сот кеңсесі мен Капитолийге дейін барды. Демонстранттар арасында католик мектептері мен колледждерінде оқитын көптеген жастар бар. Акцияға қатысушыларға Рим Папасы Франциск қолдау білдірді.
АҚШ президенті Барак Обама аборт жасауға рұқсат берілген күнге орай мәлімдеме жасап, жоғарғы сот шешімінің маңызы бар екенін атап өтті. Мәлімдемеде әрбір әйелдің жүктілігі мен денсаулығына қатысты шешімді өзі қабылдауына құқығы бары айтылады.