Бішкек пен Душанбе шекарадан әскерін әкетеді

Қырғызстанның Баткен облысы аймағындағы шекара маңындағы ауылда жүрген әскерилер. 23 қаңтар 2014 жыл.

Қырғызстан мен Тәжікстан ортақ шекараның даулы тұсынан әскери бөлімдерін алып кететін болды. Қырғызстан шекара қызметінің өкілі Гүлмира Борубаеваның айтуынша, әскерилер екі ел билігі аймақтан әскерін шығару туралы келісімге келген соң кете бастаған.

Борубаеваның сөзіне қарағанда, әскерді шығару бірнеше күнге созылады. Бұдан соң аймақта тек тұрақты шекара бөлімдері ғана қалады.

Екі ел Қырғызстанның Баткен облысындағы шекараның даулы тұсында болған атыстан кейін аймаққа әскерін апарған еді. Жанжалдан екі ел шекарашылары және қырғыз милиционері жараланған.

Жанжалға екі мемлекет шекарасының даулы тұсында Қырғызстанның жаңа жол салуы себеп болған.