Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф "Тегеран әлемдік державалармен ынтымақтаса отырып, ядролық бағдарламасына қатысты проблеманы шешетінін" мәлімдеді.
2 ақпан күні Мюнхендегі халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне арналған конференцияда сөйлеген Жавад Зариф "Иранның 18 ақпан күні Венада өтетін Тегеран мен әлемдік алты елдің келесі жиынына адал ниетпен баратынын" айтты. Оның сөзінше, "Иранның мақсаты - келіссөздерді қазіргі уақытша келісім кезінде ғана емес, бұдан ары да тұрақты түрде жүргізу".
Бірақ Жавад Зариф "Иранға салынған халықаралық санкциялардың көпшілігінің әлі де күшінде тұруы Иранның келіссөздерге сеніммен қарауына кедергі болатынын" ескертті.
2 ақпан күні Жавад Зариф пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Мюнхенде кездескен. АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің айтуынша, "кездесуде Керри Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер жүріп жатқан кезде де Тегеранға қарсы санкциялардың қолданыла беретінін айқын аңғартқан".