Мәскеуде Атырау облысының бұрынғы әкімі, Қазақстанда ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталған Бергей Рысқалив ұйымдастырған "қылмыстық топтың" мүшесі Олег Павличенко ұсталды деп хабарлайды жергілікті басылымдар.
Атырау облыстық қаржы полициясы департаментінің бастығының орынбасары Заңғар Занқановтың "Мегаполис" басылымына айтуынша, Ақтөбелік 43 жастағы кәсіпкердің Мәскеуде ұсталғанын, қазір бас прокуратура оны экстрадициялау жайын шешіп жатыр.
Павличенкоға ұйымдасқан топ құрамында "мемлекет қазынасын тонап, жалған кәсіпкерлікпен айналысты деген айып тағылған. Тергеу деректері бойынша, ол Атырау облысындағы әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген бюджет қаржысын жымқырған. Ол 2012 жылдың қазанынан бері халықаралық іздеуде.